27
қаңтар
2024
Профилактикалық кеңес
Профилактикалық кеңес
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығы негізінде мектепішілік құрылған Профилактикалық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Профилактикалық кеңесінде тәртібі қиын оқушылардың мәселелері ата-аналарының қатысуымен қаралды.
Мақсаты:
- жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға;
- білім алушыны білім беру ортасының жағдайына - бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға;
- ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды - оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге;
- кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және - қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға;
- білім алушыларға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік, - психологиялық- педагогикалық көмек көрсетуге бағытталады.




