АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!
А. Макаренко атындағы N41 мектеп-лицейінде “8 наурыз - Халықаралық әйелдер” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді:

Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес. Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – балалардың білімге деген ынтасы мен тәртібі.

Материалдық сыйлықтар заңға қайшы болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін.

Ұстаздар үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық.

Баршаға бірдей әділдік. Кейбір ата-аналар қымбат сыйлық бере алса, кейбіреулердің мүмкіндігі жоқ. Бұл балалар арасында да, мұғалімдер арасында да ыңғайсыз жағдай туғызады.

Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау. Көптеген ұстаздар сыйлық алудан бас тартқысы келеді, бірақ кейде қабылдауға мәжбүр болады. Бұл олар үшін психологиялық қысым тудыруы мүмкін.

Балаларға дұрыс үлгі көрсету. Сыйлық беруді міндет деп санау – жас ұрпаққа қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Оның орнына, ұстаздарды құрметтеуді басқа жолмен көрсетуді үйретуіміз қажет.

Мектеп әкімшілігінің өздеріңізге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын.

Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый. Мұғалімдер үшін оқушылардың жетістігі, ата-аналардың ризашылығы және мектеп қауымдастығының қолдауы кез -келген материалдық сыйлықтан әлдеқайда құнды.
Құрметті ата-аналар және әріптестерім!
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды сұранамын!
Біздің мақсатымыз-сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың брйында шыншылдық пен патриоттық сезімді ояту, тұлға қалыптастыру.
Құрметпен, мектеп директоры: Сарымсакова Айна Аблаевна
Байналыс үшін: 8 (777) 423-97-10