31
наурыз
2022
«Шымкент қаласына онлайн-экскурсия» бейнебайқауы
2022 жылғы 25 наурыз күні химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында ІІІ қалалық «Саған менің Шымкентім арнаймыз!» балалар шығармашылығы фестивалінің марапттау кезеңі өтті. Фестиваль аясында «Шымкент қаласына онлайн-экскурсия» бейнебайқауы ұйымдастрылған болатын. Аталмыш байқауда мектебіміздің түлектері, 11 «Д» сынып оқушылары Мамыр Маулен мен Манукян Сирарпи жүлделі орынға ие болып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі, тарих пәні мұғалімі И.М.Бахтыбаевты және Мамыр мен Сирарпиді жеңістерімен құттықтаймыз!
