01
желтоқсан
2025
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны өткізілді.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
«Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны өткізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №05-3-05-4/7931-И хатына сәйкес, еліміз бойынша 1–15 желтоқсан аралығында оқушылар арасында «Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны ұйымдастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру, яғни қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық гигиена және басқа да қауіптер туралы түсінік қалыптастыру.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушылары аталған ойынға толықтай қатысты. Мектептегі мамандар тарапынан компьютерлік сыныптарға ойын алдын ала жүктеліп, оқушылардың қатысуына барлық жағдай жасалды.
Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл ойын жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен саналы қаржылық таңдаулар жасауына оң әсер етеді.