22
қыркүйек
2022
Дін істері басқармасының бірлескен жоспары бойынша жиналыс өтілді
22.09.2022 жылы N 41 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының Дін істері басқармасының бірлескен жоспары бойынша, аталған мекеменің бас жетекшісі теология маманы Ұлықбек Әбілқайырдың қатысуымен 7-8 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Оқушылардың адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, діни көзқарасын «экстремизм», «терроизм» ұғымдарын қалыптастыру.
Мектепте жасөспірімдер мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу ақпараттық бұрышы дайындалды. Мектеп оқушыларына жылына екі рет этносератаизм мен экстремизмге қарсы оқушылармен нұсқаулықтар тәрбие ісінің меңгерушілері таныстырып отырады. «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту шаралары» дөңгелек үстел, «Діни экстремизмнің әлемдік қауіп қатері» баяндама оқылды. Сондай-ақ оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушыларға «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп өтті. Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.







