18
қазан
2022
«КӨШБАСШЫ МЕКТЕП» жобасы аясында семинар өтті.
«КӨШБАСШЫ МЕКТЕП» жобасы аясында семинар өтті.
Әдістемелік орталық директоры М.А.Медетбекованың қолдауымен 18 қазан күні жылдық жоспар сәйкес «Көшбасшы мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «TIMSS халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға № 37, №103, №116 серіктес мектептептерінің пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты - TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық сапасын арттыру, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау және оқушыларды оқытуда мұғалімнің жұмысын жүйелеу. Семинар аясында химия пәні мұғалімі С.Т.Байжигитова 8 «Д» сыныбымен «Химия сабағында TIMSS зерттеуіне оқушыларды дайындау ерекшеліктері» тақырыбында сонымен қатар, 8 «А» сыныбымен математика пәні мұғалімі Ж.Н.Байрбекова «ТIMSS тапсырмаларын оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда математика сабағында қолдану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Жоғары деңгейде өткізілген семинар қорытындысы бойынша серіктес мектептерінің әріптестері сөз сөйлеп, жоғары бағасын берді.


