26
қаңтар
2023
3 тілді Дебат клубы белсенді жұмыс атқаруда.
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде 2019 жылдан бастап 3 тілді Дебат клубы белсенді жұмыс атқаруда. Нәтиже де өте жоғары, Республикалық дебат қозғалысының мүшесі, 11 сынып оқушысы Жұманазар Бағжан “Американдық парламенттік форматындағы” дебат үлгісін шебер меңгерiп отыр.
Оқушылар Дебат клубының жұмысына қызығушылық танытқан соң, Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылар арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Информатика пәні мұғаліму Омашева М. Қазақ лигасын жетекшілік етсе, Орыс лигасына тарих пәні мұғалімі Бахтыбаев И. оқушыларды дайындады. 2 күнге созылған қызықты пікірсайыс алаңында сөзге шешен, ойы ұшқыр мықты қарсыластар кездесті. Дебат турнирі “Американдық Парламенттік форматта” өткізілді. Оқушыларымыз өз дайындықтары, өздерін ұстаулары, сөйлеу мәдениетi мен сөз алу тәртiбi бойынша дебатқа деген ынталарын танытты. Оқушылардың белсенді жұмыстары мен дайындық нәтижелері сүйсіндірді.
#Өзін-өзі_басқару_ұйымы
# Бала құқығы-адам құқығы
# Ұшқыр_ой
# Дебат_қозғалысы










