25
ақпан
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжановамен кездесу өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндіру мақсатында мұғалімдермен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжановамен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Кездесу соңында мұғалімдерден анонимді сауалнама алынып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша Саll-орталыққа хабарласу қажеттігі айтылды.
#Шымкент_білім _басқармасы


