«Ақсу », " Үш бұлақ" жазғы сауықтыру лагеріне көп балалы және аз қамтылған отбасы демалып жатыр. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақсу », " Үш бұлақ" жазғы сауықтыру лагеріне көп балалы және аз қамтылған отбасы демалып жатыр.
26
шілде
2023

«Ақсу », " Үш бұлақ" жазғы сауықтыру лагеріне көп балалы және аз қамтылған отбасы демалып жатыр.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41   мектеп-лицейінің оқушылары қала сыртындағы «Ақсу », " Үш бұлақ" жазғы сауықтыру лагеріне  көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларынан 53 бала
демалып жатыр. Лагерге барған демалушы оқушыларды медбике тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бес мезгіл тамақ берілді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысты. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтілді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түсті.  Балалардың  демалуына барлық жағдайлар жасалған. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, лагерге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болды. Осылайша балаларымыздың әр күні мәнді де сәнді өтті!  Лагердің санитарлық жағдайын, асханасын, ас мәзірін, сонымен қатар балалардың жатын бөлмелерін көріп, лагердің күн тәртібімен танысты. Балаларымыздың  жазғы демалысы қызықты, көңілді өтіп, балаларымызда, ата-аналарда риза болып, лагерьдің басшылығына,ұйымдастырушыларына,тәрбиеші апай,ағайларына,аспазшы апайларға алғыс білдіруде. Әулеметтік желісіне ата - аналар оң  пікірлермен  бөлісіп жатыр !!!