01
қыркүйек
2023
МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Біліммен шыңға шырқар жас түлек,
Білімдіге халқым жүрер бақ тілеп.
Білім – теңіз айдынына жүргізген,
Білім күні құтты болсын, әлеумет.
Білім – қазына, жина бойға жас түлек,
Біліміңмен сыйла елге жақсылық.
Білім күні тілейтінім әрқашан,
Әр шәкірттің қадамына сәттілік!
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Сарымсакова Айна Аблаевна сөз сөйлеп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдірді. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 200 жуық оқушыл аттады. Бірінші сынып оқушыларына бітіруші түлектерден естелік сыйлықтар табысталды.
# мектебім_мейірім_мекені


