«СЕРГІТУ СӘТІ» челленджі. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қыркүйек
2023

«СЕРГІТУ СӘТІ» челленджі.

«СЕРГІТУ СӘТІ» челленджі.
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектепте 08.09.2023ж. күні  Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі №4-04-2/5292-И, қалалық білім басқармасының 07.09.2023ж. күнгі №10-07-07/4716 хаттарына сәйкес, оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белосенділігіні арттыру мақсатында «Дене сергіту» челленджі өткізілді. 
  Мектептегі оқудың басталуы- бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Осы кезеңде мектепке бірінші күннен бастап талаптар қойыла бастайды. Сондықтан баланың ойынға деген қажетін ескермей оны бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Дер кезінде өткізілген сергіту сәттері баланың  денсаулығына оң әсерін тигізеді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш- қуатын жақсартып, сабақты тез игеруге көмектеседі.
Сергіту сәттері кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, мінез- құлық әдеттерін бекітуге әсер етеді.