“Алтын күз” мерекесі » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қазан
2021

“Алтын күз” мерекесі

№41 мектеп-лицейінде Өзін - өзі басқару мектепішілік ұйымының жетекшілігімен 25-30 қазан аралығында  “Алтын күз” мерекесі аталып өтті. Іс-шара мақсаты: 
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Мерекеге 1-11 сынып оқушылары қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай 
-1-4 сынып оқушылар арасында “Күз сыйлығы” тақырыбында күзгі элементтерден жасалған қол өнер бұйымдарын жасау сынып сағаттары мен байқау өтті. 
- 5-7 сынып оқушылары “Күзгі букет” тақырыбында қол өнер бұйымдарын әзірлеп көрме ұйымдастырды.
Үздік деп танылған жұмыстар марапатталды.
-8-9 сынып кыз балалар арасында “Күз аруы” байқауы өтті. Жүлделі орындар беріліп, барлық қатысушыларға номинациялар берілді. 
-10-11 сынып оқушылар арасында музыкалық “Екі жұлдыз” байқау өтті. Байқауға әр сыныптан бір дуэт қатысып өз өнерлерін көрсетті.