15
қараша
2023
7 "Г" сыныбында Ұлттық валюта күніне тәрбие сағаты өткізілді.
#gani.beisembayev
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп - лицейінде 7 "Г" сыныбында Ұлттық валюта күніне тәрбие сағаты өткізілді.
1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енді.
Төл валютамызды дайындау жұмыстары 1992 жылы қолға алынып, сол жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен еді. Содан кейін қазақ валютасын салған суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
Ұлттық валютаны «теңге» деп атауды ұсынған Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. «Теңге» сөзі – түркі халқының орта ғасырда есеп айырысқан күміс монеталарының атынан пайда болған. Осылайша теңге атауының қайта оралуы – XIII ғасырда өз монеталары соғыла бастаған еліміздің Отырар мен Тараз сияқты ірі қаласының дәстүрін жалғастырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.


