30
қараша
2023
ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТЫГЕЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТЫГЕЗДІК
МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.Макаренко атындағы №41 мектеп – лицейінде
“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” республикалық жоспарына сәйкес “ Өзін кінәлі..”
тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Байымбетова Ләззат Серікбайқызы пікірталас өткізді.
Пікірталас мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылық және қатыгездік мәселелерін талқылау,тақырып аясында пікірталас өткізу арқылы оқушылардың ойын біліп,мәселенің шешу жолын анықтау;
Заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру;
Оқушыларды өз ойын ашық әрі еркін білдіруге даярлау.
Пікірталас барысында оқушылар тақырып төңірегінде өз пікірлері мен ойларын білдірді.






