06
желтоқсан
2023
«Ерікті болу оңай» ұранымен мейірімділік аптасы өтуде қамқорлық фракциясы өткізген іс-шарасы Мақсаты:
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
А. Макаренко N 41 мектеп-лицей
«Ерікті болу оңай» ұранымен мейірімділік аптасы өтуде қамқорлық фракциясы өткізген іс-шарасы
Мақсаты:
Адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің жиынтығын ар деп алатын болсақ, әр адамның алдында ар алдындағы жауапкершілік болуы қажет. Ешкімнің нұсқауынсыз, біреудің бұйрығынсыз, ақы тілемей қоғам алдындағы, адам алдындағы міндетті ұмытпай айналаңа қамқор бола білу ішкі ұяттың түткісімен жүзеге асады. Бүгінгі еріктілердің игі істерін осылай сипаттасақ болатын шығар. Ерікті ретінде жұмыс істеу сені күнделікті күйбең тіршіліктен алшақтатып, өміріңді түрлендіруіңе тікелей әсер етеді. Сондықтан жас кезіңнен бастап ерікті болу өте маңызды. Ерікті болу өмірлік ұстанымыңды қалыптастырып, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге шақырады. Волонтер болу өте маңызды кәсіп, өмірлік миссия. Өйткені сен өз әрекеттерің арқылы өзіңнен кішілерге үлгі боласың.
«Ерікті болу оңай» атты мейірімділік аптасы 11-желтоқсанға дейін жалғасын табады.
