1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты іс-шара өтті » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты іс-шара өтті
08
қаңтар
2025

1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты іс-шара өтті

Қысқы каникул күндері мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты іс-шара өтті.
Іс-шара «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылып, «Кітаптар әлемінде» тақырыбында түрлі шығармашылық жұмыстарды қамтыды. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары бойынша суреттер салып, сондай-ақ кітаптарға байланысты қызықты бейнежазбалар әзірледі.
Бұл іс-шара балалардың оқу мәдениетін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Балалар сүйікті кітаптарымен бөлісіп, өз көзқарастарын суреттер мен бейнежазбалар арқылы жеткізді. Сонымен қатар, іс-шара оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді өткізуіне және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.
Іс-шара соңында ең үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысушылар марапатталды. Бұл бастама балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа оқу маусымына жігерлендірді.