28
қаңтар
2025
Мектебімізде Жасанды интеллект технологияларын сабақ барысында тиімді пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті.
2024-2025 оқу жылының әдістемелік жоспарына сәйкес, 27.01.2025 жылы А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Жасанды интеллект технологияларын сабақ барысында тиімді пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: жасанды интеллект оқу процесін жекелендіру, оқушылардың қызығушылықтарына сай контент ұсыну арқылы білім алудың сапасын арттыруда маңызды рөл атқару.
Семинарда мектеп мұғалімдері: Құрмашова А., Омашова М.М.,
Алпысбай А.Б.,Авраменко Т.В.,Елденбаева Ә.А. жасанды интеллект технологияларын сабақтарында пайдаланатын платформалармен бөлісіп, олардың оқыту процесіне қосатын үлесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинардың әр минуты қызықты әрі пайдалы өтті!
Мұғалімдеріміз біліктіліктерін көрсетіп қана қоймай, әрдайым жаңа технологияларды меңгеруге, оқыту процесін жақсартуға ұмтылатындарын дәлелдеді. Алдағы уақытта біз оқушыларымыздың білім алу сапасын арттыру үшін осы заманауи құралдарды одан әрі дамыта береміз!