29
қараша
2019
"Тұңғыш Президент күні"
Бүгін, 2019 жылғы 29 қараша күні А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 1 - 11 сыныптар арасында «Елін сүйген Елбасы» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты салтанатты түрде өтті.
Іс-шараның қонақтары: қоғам қайраткері, жоғары санатты ұстаз, «Өлкетану» оқулығының авторы, тарих пәнінің мұғалімі Ө.Шыныбекұлы; Ауған соғысының ардагері , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Салыбеков Станистав Сулеевич.
Сынып сағаты барысында «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілді.



