"Отбасында жаза мен марапаттау: қолдау және қарсы болу" тақырыбында
А.Макаренко атындағы №41 мектеп- лицейінде мектеп психологі Зейдуллаева Мөлдір Нағызханқызы, 8,10- сынып оқушыларымен "Отбасында жаза мен марапаттау: қолдау және қарсы болу" тақырыбында семинар- тренинг жүргізді. Мақсаты: "Отбасы" құндылығы туралы түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру, отбасы тәрбиесінің мән- маңызын ашып көрсету, ата- ана және бала қарым- қатынасының өзара байланысын қалыптастыру, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, алдағы өмірге даярлау.