Тамақтандыру » Страница 45 » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада
15
желтоқсан
2021
5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша
2021 жылғы 26 қараша күні өткен 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аймақтық кезеңіне жалпы 30 оқушы қатысты. Олимпиада барысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін олимпиада барысы ZOOM платформасында конференция ұйымдастырылып, жазба жүргізілді.  Олимпиада қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлделі І-ІІІ орындарға ие болды. Оқушылар мен жетекші мұғалімдерімізді жемісті жұмыстарының нәтижесімен құттықтаймыз! Алға, №41 мектеп-лицейінің жас дарындары!!!            
Қалалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауы
15
желтоқсан
2021
Қалалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауы
Шымкент Дарын орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауының соңғы кезеңіне мектебіміздің екі оқушысының жұмысы өтті.  Қорғау нәтижесінде 9 «Г» сынып оқушысы Петухова Ангелина «Адам денсаулығы  және қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша жұмысы жоғары бағаланып, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі: биология пәні мұғалімі А.Спабекова).  8 «А» сынып оқушысы Жұмабек Ерасыл белсене қатысқаны үшін
"Алтын сақа" олимпиадасы
15
желтоқсан
2021
"Алтын сақа" олимпиадасы
6 "И" сынып оқушысы Мохаммад Джунайд "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңін жүлделі орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды!           
"Аударма-тілдің алтын көпірі" атты қорытынды кеші
03
желтоқсан
2021
"Аударма-тілдің алтын көпірі" атты қорытынды кеші
Шымкент қаласының жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен  "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясы бойынша "Аударма-тілдің алтын көпірі" атты қорытынды кешіне белсене атсалысқаны үшін 10"Б" сынып оқушылары Абылай Бердияр мен Нуриддин Муслима Алғыс хатпен марапатталды. Құтты болсын!                            
Қалалық лингвистикалық олимпиадасы
03
желтоқсан
2021
Қалалық лингвистикалық олимпиадасы
Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық лингвистикалық олимпиада оқушылардың логикалық ойлау қабілетімен қатар үш тілде қаншалықты жақсы меңгергендігі сыналды.   Нәтижесінде 11"Д" сынып оқушысы Кадырбаева Илина - ІІІ дәрежелі, 10"А" сынып оқушысы Сматулла Лиана-І дәрежелі, 8"А" сынып оқушысы Ахунбай Жансая - ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.  Ұстаздар мен оқушыларды тағы да бір жеңіспен құттықтаймыз!                                                
"Алтын сақа" математикалық олимпиада
16
қараша
2021
"Алтын сақа" математикалық олимпиада
Шымкент қаласы Дарын орталығы мен ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында өткен "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне 8 оқушы қатысып, оның 6-ы жүлделі орындарға ие болды. Жетекшілері Э.А.Пайдаеваны, Ж.Байырбекованы, А.Дильдабекова, Н.Оразбекті оқушыларының жеңістерімен құттықтаймыз! Жоғары нәтиже көрсеткен Мохаммад Джунаид пен Сисебаев Ернұр қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!