07
февраль
2024
БІРТҰТАС” ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ “ДАНАЛЫҚ клубы” Аталар мектебі ЖҰМЫСЫ
БІРТҰТАС” ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ
“ДАНАЛЫҚ клубы” Аталар мектебі ЖҰМЫСЫ
Шымкент қаласы Управления образованияна қарасты
А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде “Біртұтас” тәрбие бағдарламасы негізінде “Ұлттық құндылықтарды” дәріптеу мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес ”Даналық клубы” жобасының “Аталар мектебі” бойынша 2 сыныптар арасында Диханбаева Ф., Бадахова А. мұғалімдерінің жетекшілігімен тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының тақырыбы “Бабалар дәстүрі -ұрпаққа өсиет»
Сабақтың мақсаты: халқымыздағы әдептіліктің бастау болған дәстүріміздің мәнін ашып, аталар берген білім арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға бағыттау.
Міндеттері:
-әдептілік туралы тұжырымдар жасау;
- дәстүрлеріміздің және оның маңызы туралы түсіндіру;
-дәстүрдің ұлттық тәрбиедегі орнын ашып,мәнін айқындау;
Оқушыларымыздың аталары келіп ,өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа өсиетін айтып, батасын берді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді талқыға салып,оқушылар үлкен кісілерден ,аталардың ақылын тыңдап, кеңес алып тәжірибе алмасты. Бұл іс-шараның басты мақсаты; жарқын болашағымыз балаларымызға ұлттық құндылықтарымызбен,
салт-дәстүрлерімізді дәріптеу.


