ТЕОЛОГ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
08
апрель
2024

ТЕОЛОГ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ

ТЕОЛОГ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ
А.Макаренко атындағы мектеп-лицейінде 
08.04.2024 ж
8/9/10/ сынып
 оқушыларымен Шымкент қаласы Діни істер басқармасы  ҚММ теолог маманы  Диана Нұржан қызы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.
Кездесу тәрбиленушілер мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Лектор қазiргi Қазақстандағы мемлекеттік -конфессиялық қарым-қатынастар туралы әңгiмеледi.
Лектор жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.