Оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » Оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді
25
апрель
2024

Оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді

       Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 
 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 майда аяқталады. 
«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 майдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты 24 май күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады» - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 июнь аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.
 Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы