17
март
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
16 март күні А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, ағылшын тілі әдістеме кафедрасының ұйымдастыруымен, 4-сынып оқушыларының қатысуымен танымдық-тағылымдық іс-шара өткізілді.Балалар әдебиетінің жазушысы, әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы Ханс Кристиан Андерсеннің шығармаларынан үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара барысында викториналар мен конкурстар өткізіліп, ойындар ойнатылды. Белсене қатысқан барлық оқушыларға ертегі кітапшалары сыйлыққа берілді.




