31
март
2022
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ НӘТИЖЕСІ.
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ НӘТИЖЕСІ.
2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік өндірістік жоспарға сай мартдың 28 күні дәстүрлі мектепішілік «Білім алушылардың білім сапасы мен функционалды сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру үдерісінде жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл іс шара жыл сайын, дәстүрлі түрде өтеді. Ғылыми-тәжірибелі конференция тақырыбына сай мұғалімдер өздерінің жыл бойына жасаған жұмыстары мен жетістіктерімен бөліседі. Сонымен қатар, конференция аясында әдістемелі кафедралардың көрмелері ұйымдастырылады. Көрмеде конференция тақырыбына сай кафедра мұғалімдерінің жасаған жұмыстары мен жетістіктері көпшіліктің назарына ұсынылады. Конференцияда ұсынылған баяндамалар мен көрме бойынша қорытынды жасау мақсатында алдын ала эксперттік топ құрамы бекітіледі. Эксперттік топ құрамына мектептің алдыңғы қатарлы білім ді де білікті ұстаздары кіреді.
Конференция нәтижесі бойынша үздік баяндамашылар мен әдістемелік кафедра көрмесі анықталып, марапаттау өтеді.
Биылғы оқу жылының жеңімпаздары:
Баяндама бойынша:
1-орын. А.Елденбаева – физика пәні мұғалімі
2-орын. Г.Абдикаримова – ағылшын тілі мұғалімі
3-орын. О.Кадыркулов – география пәні мұғалімі
ӘК көрмелері бойынша:
1-орын. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік кафедрасы
2-орын. Қазақ бастауыш және орыс бастауыш әдістемелік кафедралары
3-орын. Математика, информатика және экономика мен химия, физика, биология әдістемелік кафедралары.













