05
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында педагог - ұстаз А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Пернешова Нуржамал Шайбековна мен Шикиртаева Гулжан Беркинбаевна 5-7 сынып оқушылары арасында " Ұлт ұстазы - А. Байтұрсынұлы" тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында ұлт ұстазының шығармаларын өзге ұлт оқушылары Андрянов Влас, Ергешбаева Муслима, Максаков Максим, Таняева Ирина, Тупикова Вероника жатқа айтып, ақынның құнды мұраларымен танысты.
Белсенді қатысқан оқушылар мектеп басшысының мадақтамасымен марапатталды.



