«Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті.
20
октябрь
2022

«Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Қосымша білім беру оқу салалық орталығы Қазақстан Республикасы  Оқу- ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 06.09.2022жылғы №15-6/3081-И хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мартдағы №148 қаулысымен бекітілген Балалар жылын  өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспарын орындау аясында «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау «Қаратау өнер мектебінде» ұйымдастырылды. Байқау аясында жарыстар 4 бағыт бойынша өткізілді. Осы байқауға А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11 «Б» сынып оқушысы  Каримкулов Нұрсұлтан қатысып, барлық бағыт бойынша жүлделі орындарға  ие болды:
1.     «Жанжал және оны шешу жолдары» тақырыбы бойынша сурет конкурсы –III орын.
2.     Мектеп  медиациясы қызметтерінің логотиптер  конкурсы – II орын.
3.     Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагмент конкурсы – I орын.
4.     «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы – III орын. 
      Нұрсұлтан керемет нәтиже көрсетіп, ресубликалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!