“Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » “Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
24
октябрь
2022

“Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды.

🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 41 мектеп-лицейі Республика күніне орай Қасиетті Қазақстан: 8-10 сыныптар арасында “Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды. 
Негізгі мақсат — мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу арқылы туризмге деген қызығушылығын арттыру.
Түркістан облысында экскурсия өткізу үшін тарих пәнінен «Түркістан-XII-XV ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің орталығы» тақырыбы таңдалған. Экскурсиялық сабақ облыс орталығындағы тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштер шоғырланған «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында өткізілді.
Мектебіміздің 8, 10 сыныптарының ата-аналар комитетімен ұйымдастырған шараға 31 оқушы қатысты. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді көздейтін танымдық саяхат білімгерлердің туған елдің көрікті жерлері туралы мәліметтерге қанығып, білімдерін кеңейтуге мол мүмкіндік сыйлады.