05
апрель
2023
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-ана!
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицей әкімшілігі, Сізге күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының өзіндік жөн-жоралғылары барын, соның бірі Жарамазан айту. Салт-дәстүрді сақтап, құрметтеу қажет десек те, кәмелетке толмаған жасөспірімдер көше қозғалысына кедергі келтіруде, бағдаршамдардың тұсында тұрып көлік жүргізушілерін алаңдатып жарамазан айтып теңге сұрау, немесе базарда, дүкенде айтқандары көптеп кетті. Қазіргі таңда жарамазан айтудың қадірі кеткен сияқты, әсіресе балалар ақша үшін көше аралап кетуі дұрыс емес. Бала ата-анасының қарауынсыз қалмауы керек.Бұл тәртіпсіздік. Ал тәртіп бұзғандарға заңда жаза қолданылатыны көрсетілген. Мұндай келеңсіздіктерді жоюға негіз болатын заң талаптары да жоқ емес. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодекстің 449-бабында қоғамдық орындарда тиісу, өзгенің мазасын алу мәселелері анық көрсетілген. Полиция өкілі кәмілетке толмаған балалардың кешкі уақытта қараусыз жолда жүргені үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.
Құрметті ата-ана, балаларымыздың өмірі мен қауіпсіздігі бәріміз үшін маңызды! Олай болса балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қараусыз қалмауын қадағалауыңызды назарларыңызға жеткізеді!