11 октябрь - Халықаралық қыздар күні » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » 11 октябрь - Халықаралық қыздар күні
11
октябрь
2021

11 октябрь - Халықаралық қыздар күні


11 октябрь Халықаралық қыздар күні.
А.Макаренко атындағы N 41  мектеп-лицейінде 2021 жылғы 1 октябрьнан бастап Халықаралық қыздар күніне арналған жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.     Мақсаты:   қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз  балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке  бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
8-11 сыныптың қыз балаларына “Кыздар арасында…” тақырыптық кездесу өтті, кездесуге ОДВД маманы дәрігер-гинеколог Н.А. Хасан қатысып қыздарға кеңестер беріп, сұрақтарға жауап берді. 
Сондай-ақ 1-4 сынып қыз балаларына әсемдік пен әдемілікке толы “Кішкентай ханшайым” мульфильмы көрсетілді;
5-7 сынып қыз балалары “Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында Мектепте шаш үлгісі сайысы өткізілді; 
Қыз балаларға психологиялық кеңестер берілді.
Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.