«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
18
сентябрь
2023

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» ұранымен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 августы мен 30 сентябрь аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде «Мектепке жол» акциясы жоспарлы түрде қарқынды жүргізілуде. Ата-аналар мен демеушілер тартылып 25 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.
Мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді .