29
октябрь
2021
“Алтын күз” мерекесі
№41 мектеп-лицейінде Өзін - өзі басқару мектепішілік ұйымының жетекшілігімен 25-30 октябрь аралығында “Алтын күз” мерекесі аталып өтті. Іс-шара мақсаты:
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Мерекеге 1-11 сынып оқушылары қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай
-1-4 сынып оқушылар арасында “Күз сыйлығы” тақырыбында күзгі элементтерден жасалған қол өнер бұйымдарын жасау сынып сағаттары мен байқау өтті.
- 5-7 сынып оқушылары “Күзгі букет” тақырыбында қол өнер бұйымдарын әзірлеп көрме ұйымдастырды.
Лучший деп танылған жұмыстар марапатталды.
-8-9 сынып кыз балалар арасында “Күз аруы” байқауы өтті. Жүлделі орындар беріліп, барлық қатысушыларға номинациялар берілді.
-10-11 сынып оқушылар арасында музыкалық “Екі жұлдыз” байқау өтті. Байқауға әр сыныптан бір дуэт қатысып өз өнерлерін көрсетті.





