Ата-аналар жиналысы » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
25
сентябрь
2023

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы 
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп -лицейінде 1-2 сентябрь аралығында ата-аналар жиналысы өткізілді. 
1.09.2023 жылы мектебіміздің ата-аналар комитетімен жиналыс мектеп Акт залында өткізіліп 89 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытындысын ата-аналар комитетінің төрайымы Хасан Н.А. баяндады.
2. 2023-2023 оқу жылының ерекшеліктері айтылып  Ата-аналар комитетінің құрамы бекітілді. 
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Абдуллаева “Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, “Үштік Одақ” жұмысын:  педагогтердің, ата-аналардың, оқушылардың міндеттері мен жауапкершілігітуралы айтып өтті. Биылғы 2023-2024 оқу жылында бірыңғай мектеп формасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 январьдағы N 26 “Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылған талаптарды бекіту туралы” бұйрығы бекітіліп сақтауға міндетті.
4. Мектеп директоры А.А. Сарымсакова: “Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау” мектеп пен  ата-аналар үшін бірінші орында болуы туралы алға тартты.
4. Мектеп инспекторы Н. Азимкулов “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және оқушылардың құқықтары туралы” қысқаша мәлімдеме жасады.
5. Мектеп психологы М. Зейдуллаеваның тақырыптық баяндамасында “Буллиниг және кибербуллингті болдырмау оның алдын  алу” туралы бейнеролик көрсетілді.  
6. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Умарова “Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары” туралы айтып өтті.
8. Мектептің комплаенс-офицерінің қызметін атқарушы А.К. Абдуллаева “Противодействие коррупции агенттігінің” дайындаған заңнама ережелерімен таныстырды.