18
октябрь
2023
Ұлттық ұлан батырлары оқушылармен кездесті
Ұлттық ұлан батырлары оқушылармен кездесті
Ғани Бейсембаев
Мерует Медетбекова
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен
2023-2024 оқу жылына арналған
КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНА сәйкес, Оқу-Ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың тапсырмасымен өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге баулу мақсатында өңірлерде орта оқу орындарының шәкірттерімен кездесулер жалғасу үстінде. Бүгін Ұлттық ұланның бір топ офицерлері Шымкент қаласындағы N41 мектеп-лицейінде қонақта болып, оқушылармен кездесті.
Офицерлік топ делегациясы:
6506 әскери бөлім командирі полковник Рахпанов Марат Уралович, Артиллериялық-зениттік дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Әбен Ғанизат Ақылбекұлы, 6506 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Аширбеков Ернар Абдуалиевич бастап келді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты –Ұлттық ұланның қоғамдік қауіпсіздік саласындағы қызметін кеңінен насихаттай отырып, жасөспірімдерді әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.
Шара барысында 6506 әскери бөлімінің басшылығы мен №41 мектеп-лицей директоры А.А. Сарымсакова арасында өзара әріптестік Меморандумы бекітілді. Соның аясында алдағы уақытта әскери бөлім офицерлері мектеп оқушыларына барып арнайы дәріс оқып, кездесу ұйымдастырып тұратын болады. Оған қоса, оқушыларды әскери саланың қыр-сырымен жақынырақ таныстыру мақсатында 6506 әскери бөлімінің ашық есік күндерін ұйымдастыру көзделеді.






