15
ноябрь
2023
Ұлттық теңгемізге биыл 30 жыл толуына байланысты іс шара өткізілді.
#gani.beisembayev
N 41 мектеп- лицейінде
Ұлтымыздың мақтанышы, Қазақстанның айшығы болған, Ұлттық теңгемізге биыл 30 жыл толуына байланысты іс шара өткізілді.
1993 жылдың октябрь-ноябрь айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 ноябрь күні теңге ресми айналымға енді.
Төл валюавгустды дайындау жұмыстары 1992 жылы қолға алынып, сол жылдың 27 августында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен еді. Содан кейін қазақ валютасын салған суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
Ұлттық валютаны «теңге» деп атауды ұсынған Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. «Теңге» сөзі – түркі халқының орта ғасырда есеп айырысқан күміс монеталарының атынан пайда болған. Осылайша теңге атауының қайта оралуы – XIII ғасырда өз монеталары соғыла бастаған еліміздің Отырар мен Тараз сияқты ірі қаласының дәстүрін жалғастырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 ноябрь – төл валюавгустдың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
