22
декабрь
2023
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген концертте өнер көрсетті.
#gani.beisembayev
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп лицейінің 4 "А" сынып оқушысы,мектебіміздің мақтанышы Иманқожа Муслима Түркия елінің Стамбул қаласындағы Қазақстан елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай өткізілген концертте өнер көрсетті. STEPP UP би студиясының оқушысы Муслима бұл концертте "Қымызды ару" биін топпен билеп, ерекше көрсетілім көрсете алды. Қазақ мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне үлес қосқаны үшін бас консулдың арнайы алғыс
хатымен марапатталды. Муслима оқушымыздың алдағы уақытта жетер жетістігі көп екеніне сенімдіміз!





