Ақпарат - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ https://41-shymkent.edu.kz/ ru Ақпарат - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ DataLife Engine Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы кешенді экологиялық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1609-memleket-basshysy-asym-zhomart-toaevty-bastamasymen-elmzde-abattandyru-men-kgaldandyru-baytynday-keshend-jekologijaly-sharalar-traty-trde-zhrgzlude.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1609-memleket-basshysy-asym-zhomart-toaevty-bastamasymen-elmzde-abattandyru-men-kgaldandyru-baytynday-keshend-jekologijaly-sharalar-traty-trde-zhrgzlude.html



]]>
«Таза экология – бұл ұлттың денсаулығы мен болашағы. Табиғатты қорғау арқылы біз ұлттық болмысымызды, ұрпағымыздың амандығын сақтап қаламыз. Бұл – әр азаматтың ортақ парызы».
Экологиялық сана – тек ағаш отырғызу немесе қоқыс жинау емес. Бұл – қоғамның өзін-өзі тәрбиелеуі, табиғатқа жанашырлықпен қарауы және келер ұрпаққа сау табиғатты аманат етуі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы кешенді экологиялық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – бір реттік науқан емес, жалпыұлттық деңгейдегі міндет.
Осы бағытта Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы, полиция майоры Мусаева Бибіайым Өмірбайқызы тарапынан қала аумағында да кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қала тұрғындарымен, жастармен ұйымдастырылған кездесулер барысында табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс тастау, жасыл аймақтарды сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
]]>
admin Fri, 12 Dec 2025 16:19:06 +0600
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Жаңа жылдық мереке қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы, полиция капитаны А.Раимбекова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1610-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-zhaa-zhyldy-mereke-arsaynda-oushylardy-aupszdgn-satau-masatynda-mektep-inspektory-policija-kapitany-araimbekova-tsndru-zhmystaryn-zhrgzd.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1610-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-zhaa-zhyldy-mereke-arsaynda-oushylardy-aupszdgn-satau-masatynda-mektep-inspektory-policija-kapitany-araimbekova-tsndru-zhmystaryn-zhrgzd.html




]]>
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
Жаңа жылдық мереке қарсаңында оқушылардың
қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы,
полиция капитаны А.Раимбекова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрметті оқушылар!
Пиротехникалық бұйымдар (петарда, фейерверк, шу зымыраны) — ойыншық емес!
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда өте қауіпті.
Қандай қауіп төндіреді?
• Қол мен терінің күйіп қалуына, ауыр жарақатқа әкеледі
• Көру қабілетіне зиян келтіреді
• Қатты дыбыстан есту қабілеті нашарлайды
• Дұрыс жанбаған жағдайда қолға жарылып кетуі мүмкін
• Өрт шығарып, мүлікке зиян келтіреді
• Адам өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
Есте сақта!
• Пиротехниканы тек ересектер ғана қолдануы тиіс
• Базардан, белгісіз сатушылардан пиротехника сатып алу өте қауіпті
• Петарданы қалтада, мектеп аумағына алып жүруге қатаң тыйым салынады
• Адамдарға қарай жару — заң бұзушылық!
Өзіңді және достарыңды қорға!
Қауіпсіздік ережесін сақтау — жарақаттанудың алдын алудың ең тиімді жолы!
]]>
admin Wed, 10 Dec 2025 16:20:57 +0600
*Мектептегі консультациялық пункт жұмысы* 2025–2026 оқу жылы аясында мектебімізде үйде тәрбиеленіп отырған мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарына арналған *консультациялық пункт* жұмысын бастады. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1611-mektepteg-konsultacijaly-punkt-zhmysy-20252026-ou-zhyly-ajasynda-mektebmzde-jde-trbielenp-otyran-mektepke-dejng-zhastay-balalar-men-olardy-ata-analaryna-arnalan-konsultacijaly-punkt-zhmysyn-.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1611-mektepteg-konsultacijaly-punkt-zhmysy-20252026-ou-zhyly-ajasynda-mektebmzde-jde-trbielenp-otyran-mektepke-dejng-zhastay-balalar-men-olardy-ata-analaryna-arnalan-konsultacijaly-punkt-zhmysyn-.html



]]>
*Мектептегі консультациялық пункт жұмысы*
2025–2026 оқу жылы аясында мектебімізде үйде тәрбиеленіп отырған мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарына арналған *консультациялық пункт* жұмысын бастады.
*Мақсаты* – ата-аналарға педагогикалық, психологиялық және әдістемелік көмек көрсету, балалардың білім беру ұйымына бейімделуіне ықпал ету.
  Оқу жылының басында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізіліп, жұмыс жоспары таныстырылды. Жоспарға сәйкес мынадай іс-шаралар жүргізілді:
🔹 «Кел танысайық!» тренингі  
🔹 «Сүйікті мектепалды тобым» атты әңгімелесу  
🔹 «Көңілді достар» эстафеталық ойыны  
🔹 «Біз саусақтарды дамытамыз – сөйлеуді жақсартамыз» ойыны  
🔹 «Ғажайып қыс» көрмесі  
🔹 «Сиқырлы алақандар» ойын-іс әрекеті
Іс-шаралар балалардың дамуына оң әсер етіп, ата-аналармен байланысты нығайтты.
*Работа консультативного пункта при школе*
В рамках 2025–2026 учебного года в нашей школе начал работу *консультативный пункт* для родителей и детей дошкольного возраста, воспитывающихся дома.
*Цель* – оказание педагогической, психологической и методической помощи, а также содействие адаптации детей к условиям образовательной среды.
В начале года была проведена встреча с родителями, на которой представлен план работы. В соответствии с планом прошли следующие мероприятия:
🔹 Тренинг «Давайте познакомимся!»  
🔹 Беседа «Моя любимая подготовительная группа»  
🔹 Эстафета «Весёлые друзья»  
🔹 Игровое занятие «Развиваем пальчики – развиваем речь»  
🔹 Выставка «Зимняя сказка»  
🔹 Творческое занятие «Волшебные ладошки»
Проведённые мероприятия способствовали всестороннему развитию детей и укреплению связи с родителями.
]]>
admin Mon, 08 Dec 2025 16:22:31 +0600
2025 жылғы 3–4 желтоқсан күндері Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аймақтық олимпиада өтті. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1612-2025-zhyly-34-zheltosan-knder-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-dstemelk-ortalyty-jymdastyruymen-78-synyp-oushylary-arasynda-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-ajmaty-olimpiada-tt.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1612-2025-zhyly-34-zheltosan-knder-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-dstemelk-ortalyty-jymdastyruymen-78-synyp-oushylary-arasynda-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-ajmaty-olimpiada-tt.html
]]>
2025 жылғы 3–4 желтоқсан күндері Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аймақтық олимпиада өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебімізден 18 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Екі күнге созылған олимпиаданың нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 1 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды!
🏆 Жүлдегерлер:
І орын
 1. Кондратьева Аурика – ағылшын тілі
Жетекшісі: Е. Халиулина
ІІ орын
 1. Ерсайн Айдар – математика
Жетекшісі: Ж. Қарамырза
 2. Абдуманатова Севгина – орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Жетекшісі: П. Сланова
ІІІ орын
 1. Карпинская София – биология
Жетекшісі: А. Спабекова
 2. Байжан Айбота – физика
Жетекшісі: А. Серимбетова
 3. Максудова Камилла – орыс тілі мен әдебиеті
Жетекшісі: И. Шольчева
 4. Өтеміс Игілік – Қазақстан тарихы
Жетекшісі: Л. Мырзакулова
 5. Масат Нұрайлым – биология
Жетекшісі: К. Жумабекова
 6. Максаков Максим – ағылшын тілі
Жетекшісі: Г. Даулет
✨ Жетекшілері мен оқушыларды жүрек жарды құттықтаймыз!
Қалалық кезеңге өткен Кондратьева Аурикаға сәттілік тілейміз!
]]>
admin Fri, 05 Dec 2025 16:27:08 +0600
Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №16-19-07/6298 хатына сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындары арасында терроризмге қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жолданған «Ложный профиль», «Отанның өзегіне құрт түспесін», «Лжетеррориз https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1613-shymkent-alasy-kmn-apparatyny-2025-zhyly-30-yrkjekteg-16-19-07-6298-hatyna-sjkes-shymkent-alasy-tryndary-arasynda-terrorizmge-arsy-sanany-alyptastyru-masatynda-zholdanan-lozhnyj-profil-otann.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1613-shymkent-alasy-kmn-apparatyny-2025-zhyly-30-yrkjekteg-16-19-07-6298-hatyna-sjkes-shymkent-alasy-tryndary-arasynda-terrorizmge-arsy-sanany-alyptastyru-masatynda-zholdanan-lozhnyj-profil-otann.html



]]>
Терроризмнің алдын алу шараларының орындалуы туралы
Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №16-19-07/6298 хатына сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындары арасында терроризмге қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жолданған «Ложный профиль», «Отанның өзегіне құрт түспесін», «Лжетерроризм» атты бейнероликтер негізінде мектебімізде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда:
 • бейнероликтер мектептің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды;
 • кіреберістегі LED-экранда (теледидарда) күніне бір рет көрсетілді;
 • бейнематериалдар ата-аналар чатына жолданды.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет. Терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Мектебіміз терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.
]]>
admin Tue, 02 Dec 2025 16:29:25 +0600
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1608-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-qarzhy-sagshyry-kompjuterlk-ojyny-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1608-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-qarzhy-sagshyry-kompjuterlk-ojyny-tkzld.html


]]>
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
«Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны өткізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №05-3-05-4/7931-И хатына сәйкес, еліміз бойынша 1–15 желтоқсан аралығында оқушылар арасында «Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойыны ұйымдастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру, яғни қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық гигиена және басқа да қауіптер туралы түсінік қалыптастыру.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушылары аталған ойынға толықтай қатысты. Мектептегі мамандар тарапынан компьютерлік сыныптарға ойын алдын ала жүктеліп, оқушылардың қатысуына барлық жағдай жасалды.
Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл ойын жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен саналы қаржылық таңдаулар жасауына оң әсер етеді.
]]>
admin Mon, 01 Dec 2025 16:17:16 +0600
Мектебімізде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1595-mektebmzde-mikroba-arsy-preparattara-tzmdlk-zhnndeg-aptaly-tt.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1595-mektebmzde-mikroba-arsy-preparattara-tzmdlk-zhnndeg-aptaly-tt.html


]]>
📢 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті.
Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасының 3.3-тармағын іске асыру аясында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау апталығына орай А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
📅 2025 жылғы 18–24 қараша аралығында мектепте микробқа қарсы препараттарға төзімділік (МҚТ) мәселесі туралы оқушылардың білімін арттыру мақсатында сынып сағаттары, әңгімелесу және таныстырылым жұмыстары ұйымдастырылды.
🔹 Сынып жетекшілері оқушыларға антибиотиктердің орынсыз қолданылуы қандай қауіп төндіретінін, МҚТ-ның алдын алу жолдарын түсіндірді;
🔹 МҚТ туралы бейнероликтер мен инфографикалар көрсетілді;
🔹 Оқушылармен сұрақ-жауап форматында пікірталас ұйымдастырылып, «Антибиотиктерді тек дәрігер кеңесімен қолдану» тақырыбы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында антибиотиктерді дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік деңгейін арттыру және микробқа қарсы препараттарға төзімділікке жол бермеу.
💡 Осындай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға, жауапты көзқарас қалыптастыруға өз үлесін қосады.
]]>
admin Fri, 28 Nov 2025 18:38:51 +0600
Мектебімізде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1598-mektebmzde-psihologijaly-oldau-ortalyy-zhmysy-ajasynda-9-synyp-oushylaryna-arnalan-agressija-men-nsldk-alalaudy-aldyn-alu-strategijalary-tayrybynda-tzhribelk-trening-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1598-mektebmzde-psihologijaly-oldau-ortalyy-zhmysy-ajasynda-9-synyp-oushylaryna-arnalan-agressija-men-nsldk-alalaudy-aldyn-alu-strategijalary-tayrybynda-tzhribelk-trening-tkzld.html
]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Психологиялық қолдау орталығы» жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Агрессия мен нәсілдік алалаудың алдын алу стратегиялары» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді. Шараны мектеп психологы Н.Б. Исаханова жүргізді.
Тренингтің басты мақсаты — жасөспірімдер арасында жиі кездесетін агрессияның түрлері мен себептерін түсіндіру, нәсілдік және тұлғааралық кемсітушіліктің алдын алу, бейбіт қарым-қатынас құру дағдыларын қалыптастыру.
9-сынып оқушылары топтық жұмыс, жағдаяттық талдау және рөлдік ойындар арқылы эмоцияларын басқару, өзара түсіністік орнату және жанжалды дұрыс шешу тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Шара барысында оқушыларға толеранттылық, құрмет, көпұлтты қоғамдағы мәдени қарым-қатынастың маңызы туралы түсініктер берілді. Тренинг белсенді және достық атмосферада өтіп, оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, практикалық жаттығуларға қызығушылықпен қатысты.
Соңында психолог агрессияны бақылауға көмектесетін пайдалы кеңестер ұсынып, оқушыларға күнделікті өмірде қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
]]>
admin Mon, 24 Nov 2025 18:46:10 +0600
Мектебімізде 8-сынып оқушыларына арналған «Стреске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1597-mektebmzde-8-synyp-oushylaryna-arnalan-streske-arsy-jemocionaldy-tratylyty-alyptastyru-tayrybynda-psihologijaly-trening-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1597-mektebmzde-8-synyp-oushylaryna-arnalan-streske-arsy-jemocionaldy-tratylyty-alyptastyru-tayrybynda-psihologijaly-trening-tkzld.html
]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушыларына арналған «Стреске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Н.Б. Исаханова ұйымдастырып, жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге стрестің пайда болу себептерін түсіндіру, оны жеңу жолдарын үйрету және эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға бағытталған практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Тренинг барысында 8-сынып оқушылары тыныс алу жаттығулары, релаксациялық әдістер, өзін-өзі тыныштандыру техникасы, сондай-ақ стресстік жағдайды дұрыс қабылдау мен басқару жолдарын тәжірибе жүзінде орындады.
Тренинг жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға болатынын айтып, өз сезімдерімен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
]]>
admin Mon, 24 Nov 2025 18:43:45 +0600
Мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1596-mektebmzde-10-synyp-oushylaryna-arnalan-internetteg-zhasyryn-toptar-aldau-dstern-tanu-zhne-aupszdk-tayrybynda-aparatty-profilaktikaly-trening-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1596-mektebmzde-10-synyp-oushylaryna-arnalan-internetteg-zhasyryn-toptar-aldau-dstern-tanu-zhne-aupszdk-tayrybynda-aparatty-profilaktikaly-trening-tkzld.html

]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушыларына арналған «Интернеттегі жасырын топтар: алдау әдістерін тану және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Н.Б. Исаханова жүргізді.
Шараның мақсаты – оқушыларды интернеттегі қауіпті жасырын топтар, манипуляция тәсілдері, фейк ақпараттар және алаяқтық схемалары туралы хабардар ету, алдау әдістерін тану дағдыларын қалыптастыру және онлайн қауіпсіздік мәдениетін күшейту.
Тренинг барысында 10-сынып оқушылары:
 • интернеттегі жасырын қауымдастықтардың қалай жұмыс істейтіні;
 • бөгде адамдардың сенімге кіру тактикалары;
 • психологиялық манипуляция белгілері;
 • жалған парақшаларды анықтау жолдары;
 • өз деректерін қорғау әдістері;
 • күмәнді топтардан, чаттардан, хабарламалардан қалай сақтану керек
сияқты маңызды ақпараттармен танысты.
]]>
admin Mon, 24 Nov 2025 18:41:40 +0600