Іс-шаралар - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ https://41-shymkent.edu.kz/ ru Іс-шаралар - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ DataLife Engine «Тілдер тоғысқан мереке» онкүндігі аясында «Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» тақырыбында 8–10 сынып оқушылары арасында үш тілде эссе жазу байқауы өтті. https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1502-tlder-toysan-mereke-onkndg-ajasynda-ltty-ly-ndylyy-tl-tayrybynda-810-synyp-oushylary-arasynda-sh-tlde-jesse-zhazu-bajauy-tt.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1502-tlder-toysan-mereke-onkndg-ajasynda-ltty-ly-ndylyy-tl-tayrybynda-810-synyp-oushylary-arasynda-sh-tlde-jesse-zhazu-bajauy-tt.html

]]>

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
«Тілдер тоғысқан мереке» онкүндігі аясында
«Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» тақырыбында 8–10 сынып оқушылары арасында үш тілде эссе жазу байқауы өтті.
✍️ Жас қаламгерлер өз шығармаларында тілдің – ұлт рухының айнасы, халық қазынасы екенін терең оймен өрнектеді.
🌟 Оқушылар ана тіліне деген құрметін, үштілділіктің маңызын және ұлттық бірегейлікті сақтаудағы тілдің орнын айрықша көрсетті.
📚 Үздік жұмыстар Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығына жолданатын болады.
]]>
admin Thu, 04 Sep 2025 15:24:38 +0600
2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1503-2025-zhyly-1-yrkjek-kn-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-blm-knne-arnalan-saltanatty-zhiyn-tt.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1503-2025-zhyly-1-yrkjek-kn-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-blm-knne-arnalan-saltanatty-zhiyn-tt.html















]]>
📚✨ Мектебім – мейірім мекенім ✨📚
2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шараға қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
2025–2026 оқу жылында мектебімізде 1800 оқушы білім алуда. Оның ішінде 122 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданса, 109 түлек 11-сыныпта үлкен өмірге жолдама алуға дайындалуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігінің қолдауымен мектептерді жаңғырту және жаңа білім ордаларын салу аясында біздің мектеп екі ауысымда жұмысын жалғастыруда.
Мектебімізде заманауи әдіс-тәсілдер мен жаңа жабдықтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, ғылыми пәндерге қызығушылығын күшейтуге, шығармашылық және креативті қабілеттерін жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Білім беру тек теориямен шектелмей, практикалық сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімдер интерактивті технологияларды, зертханалық құралдарды пайдалана отырып, әрбір оқушының жеке қабілетін ашуға жол ашады. Барлық педагогтеріміз 100% жасанды интеллект бойынша сертификатталған.
2 қыркүйектен бастап тәрбиелік жұмыс «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама – Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасын қамтиды. Сонымен қатар, мектебіміз «Өмірлік бағдар» және «Тәртіп тірегі» жобаларына белсенді қатысуда.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні бірінші сабақ «Мектебім – мәңгілік мекенім» атты тәрбие сағатымен басталды. Биылдан бастап әр дүйсенбі күнгі алғашқы 10 минуты – жеке қауіпсіздік сабағына, ал әр сәрсенбі күнгі алғашқы 3 минуты – дене жаттығуларына арналады.
Оқушыларды мамандыққа ерте бейімдеу мақсатында бастауыш сыныптардан бастап түрлі маман иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылып, 7-сыныптан «БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР» жүйесі енгізілуде. Бұл оқушылардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
2025 жылы мектебіміз мемлекеттік аттестаттаудан өтетіндіктен, білім сапасын арттыру мақсатында «ТАЛАП» жобасы аясында тәжірибе алмасып келеміз. Бастауыш сынып оқушылары 2022 жылдан бері толықтай ыстық тамақпен қамтылған.
Сонымен бірге, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектебімізде 340 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде:
 • Мемлекеттік қолдау арқылы – 270 балаға,
 • «Amanat» партиясы тарапынан – 50 балаға,
 • Қазақстан халқы Ассамблеясы – 10 балаға,
 • демеушілер тарапынан – 10 балаға қолдау жасалды.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі – мейірім мен білімнің, ізгілік пен парасаттың тоғысқан алтын ұясы!
]]>
admin Mon, 01 Sep 2025 15:47:17 +0600
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1504-amanat-partijasy-balalardy-mektepke-dajyndady.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1504-amanat-partijasy-balalardy-mektepke-dajyndady.html















]]>
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында қуанышты сәттерге толы игі іс-шара өтті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты комиссиясы мен «Shymkent City Mall» сауда орталығының әкімшілігі бірлесіп, «Баланы мектепке дайындайық» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Балғындарға қуаныш сыйлаған іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Әйелдер қанаты комиссиясының төрайымы Наргиза Керімбаева және комиссия мүшелері қатысты.
Мұрат Жолдыхожаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
«AMANAT» партиясы «Баланы мектепке дайындайық» акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Бүгінгі игі шара – балаларға демеу беру, олардың еркін сезініп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа оқу жылын бастауына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!» – деді ол.
Өз кезегінде Әйелдер қанаты комиссиясының төрайымы Наргиза Керімбаева да жүрекжарды тілегін жеткізді:
«Балалардың қуанышы – біздің қуанышымыз. Олардың білімге деген құлшынысын қолдау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Осындай шаралар арқылы әр баланың арманына қанат бітуіне үлес қосамыз деп сенемін», – деді ол.
Акция аясында бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау да назардан тыс қалмады. Балалар Play Park-қа тегін кіріп, түрлі ойындар ойнады. Сондай-ақ, кинотеатрда арнайы анимациялық фильмдер көрсетіліп, тәтті тағамдар мен сусындар тарту етілді.
Бұл шара балалардың ғана емес, ата-аналардың да жүрегіне қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылына ерекше шабытпен қадам басуына себеп болды.
#AMANAT
📜 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің директоры Сарымсакова Айна Аблаевна атынан «AMANAT» партиясына, Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты комиссиясына және «Shymkent City Mall» әкімшілігіне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Балаларымызға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына қолдау көрсеткендеріңіз үшін зор ризашылығымызды айтамыз. Ізгі істеріңіз әрдайым жалғасын тауып, еңбектеріңіз жемісті болсын!
]]>
admin Mon, 18 Aug 2025 16:17:30 +0600
Мектебімізде 📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1486-mektebmzde-oushylar-arasynda-patriotty-trbiege-bayttalan-jesse-bajauy-tt.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1486-mektebmzde-oushylar-arasynda-patriotty-trbiege-bayttalan-jesse-bajauy-tt.html


]]>
📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында “Таза Қазақстан”, “Заң және тәртіп”, «Адал Азамат» тақырыптарында эссе байқауы өткізілді.
✍️ Эссе жазу барысында оқушылар:
🔹 Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын (“Таза Қазақстан”);
🔹 Қоғамдағы тәртіп пен заңның рөлін, құқыққа бағынудың жауапкершілік екенін (“Заң және тәртіп”);
🔹 Адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік ұғымдарын (“Адал Азамат”) терең мазмұнда талдап, өз ой-пікірлерін шынайы жеткізді.
📝 Эсселерде оқушылар қоршаған ортаға бейжай қарамау, құқықтық тәртіпті сақтау және адал болу — әрбір азаматтың парызы екенін нақты мысалдар арқылы көрсете білді. Кейбір жұмыстарда отбасы тәрбиесі, өмірлік тәжірибе мен қоғамдағы әділеттілік мәселелері әсерлі баяндалды.
🎉 Байқау жеңімпаздары:
🏅 1–4 сыныптар арасында – 2 “Д” сынып оқушысы Мұхталханқызы Айлин
🏅 5–9 сыныптар арасында – 9 “А” сынып оқушысы Жақыпбек Айша
🏅 10–11 сыныптар арасында – 10 “А” сынып оқушысы Жұмахан Аймерек
Олардың шығармаларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, заңға құрмет пен адалдыққа деген берік ұстаным анық байқалды.
🎓 Байқау жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық көзқарасын дамытуға ықпал етті.
📌 Осындай іс-шаралар – оқушылар бойында патриоттық сана мен азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңызды құралы.
]]>
admin Tue, 20 May 2025 17:16:53 +0600
Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында өте маңызды әрі әсерлі психологиялық тренинг өтті. https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1485-mektebmzde-8-10-synyptar-arasynda-te-mayzdy-r-serl-psihologijaly-trening-tt.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1485-mektebmzde-8-10-synyptar-arasynda-te-mayzdy-r-serl-psihologijaly-trening-tt.html




]]>
📌 Жасөспірімдермен күрделі тақырыптарды қалай талқылауға болады?
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде 8-10 сыныптар арасында өте маңызды әрі әсерлі психологиялық тренинг өтті. Тақырыбы – «Жасөспірімдермен күрделі тақырыптарды талқылау: Психологиялық кедергілер мен тиімді коммуникация».
🧠 Тренингті мектеп психологы Исаханова Нуржана Бериковна өткізді.
Ол оқушылармен ашық, сенімді атмосфера орнатып, күрделі тақырыптар төңірегінде маңызды сұрақтарды бірге талқылады.
💬 Тренинг барысында біз:
 • Эмоцияны ашық жеткізу, өз ойыңды дұрыс айту жолдарын үйрендік;
 • Психологиялық кедергілерді анықтап, оларды жеңудің тәсілдерін қарастырдық;
 • Қарым-қатынас мәдениеті, тыңдай білу және түсінісу дағдыларын дамыттық.
🔎 Қолданылған әдістердің ішінде арт-терапия, рөлдік ойындар, тыныс алу жаттығулары, пікірталас және жағдайлық тапсырмалар ерекше әсер берді.
✨ Нәтижесінде:
Оқушылар ішкі сезімдерімен жұмыс істеуді үйреніп, күрделі тақырыптардан қашпауға дайын екендерін көрсетті. Ең бастысы — бір-бірін тыңдаудың, қолдаудың және сенімнің қаншалықты маңызды екенін ұғынды.
Осындай тренингтер – оқушылардың психологиялық дамуына, өз-өзіне сенімді болуына үлкен септігін тигізеді. 💛
]]>
admin Mon, 19 May 2025 17:15:18 +0600
“АБАЙ ӘЛЕМІ-ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ” 180 ЖЫЛ https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1487-abaj-lem-otbasy-ndylyyny-temrazyy-180-zhyl.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1487-abaj-lem-otbasy-ndylyyny-temrazyy-180-zhyl.html


]]>
“АБАЙ ӘЛЕМІ-ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ” 180 ЖЫЛ 
2025 жылғы 15 мамыр күні Шымкент қаласындағы Абай саябағында (Б.Момышұлы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысы) «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» атты қалалық іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
Аталған іс-шара бір мезгілде (сағат 10:00-де) қаланың 160 мектебінде, сондай-ақ 20 мәдени-демалыс аймағы мен саябақтарда ұйымдастырылды. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, ардагер педагогтар, зиялы қауым өкілдері, шығармашыл жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 160 мыңға жуықтады.
Аталған іс-шарада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінің оқушылары Абай Құнанбайұлының шығармаларын поэтикалық-музыкалық композициялар мен театрландырылған қойылымдар арқылы сахналап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, өз өнерлерін паш етті.
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара қала тұрғындарына ерекше рухани серпін мен жоғары көңіл-күй сыйлады. Шығармашыл жастар мен тұрғындар отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында белсенділік танытты.
Айта кетейік, бұл бастама – отбасы институтын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және Абай мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп, қоғамның рухани дамуына оң әсерін тигізе бермек.
#АбайҚұнанбаев180жыл
#АбайОтбасында 
#Abai180
]]>
admin Fri, 16 May 2025 17:19:05 +0600
Баланың кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін не істеу керек? https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1488-balany-ktapa-degen-yzyushylyyn-ojatu-shn-ne-steu-kerek.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1488-balany-ktapa-degen-yzyushylyyn-ojatu-shn-ne-steu-kerek.html

]]>
Баланың кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін не істеу керек?
Журналист Фариза Құрманбек 
#Үміт
Ontustik TV телеарнасы
]]>
admin Thu, 15 May 2025 17:20:09 +0600
Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді: Репродуктивті денсаулық – өзіңді танудан басталады! Апта бойы мектебімізде репродуктивті денсаулық тақырыбында сынып сағаттары өткізілді https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1484-mektebmzde-8-10-synyptar-arasynda-synyp-saattary-tkzld-reproduktivt-densauly-zd-tanudan-bastalady-apta-bojy-mektebmzde-reproduktivt-densauly-tayrybynda-synyp-saattary-tkzld.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1484-mektebmzde-8-10-synyptar-arasynda-synyp-saattary-tkzld-reproduktivt-densauly-zd-tanudan-bastalady-apta-bojy-mektebmzde-reproduktivt-densauly-tayrybynda-synyp-saattary-tkzld.html




]]>
“Репродуктивті денсаулық – өзіңді танудан басталады!”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде 8-10 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді: Репродуктивті денсаулық – өзіңді танудан басталады!
Апта бойы мектебімізде репродуктивті денсаулық тақырыбында сынып сағаттары өткізілді 🏫. Бұл іс-шаралар оқушылардың денсаулығына, өсу мен жетілу туралы дұрыс әрі пайдалы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды 📚.
Сынып сағаттарында не айтылды?
Оқушылар:
 • Өз ағзасындағы өзгерістерді түсінуді үйренді 🧠
 • Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызын білді 🧼
 • Эмоциялық және психологиялық денсаулық туралы тыңдады ❤️
 • Жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғану жолдарымен танысты 🛡️
 • Болашақ отбасы, ата-ана болу туралы алғашқы білім алды 👨‍👩‍👧
Сабақтар қалай өтті?
Сынып жетекшілері мен мектеп медбикелері оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, сұрақтарға шынайы жауап берді 🗣️.
Презентациялар, бейнематериалдар мен практикалық кеңестер арқылы сабақтар өте қызықты әрі пайдалы болды 🎥✨.
Оқушылар не деді?
Көптеген оқушылар өз пікірлерін білдіріп, бұндай тақырыптардың ашық талқыланғанына риза болды:
“Ұялмай сұрақ қойдық!”
“Көп жаңа нәрсе білдім!”
“Өз денсаулығыма жауапкершілікпен қарауым керек екенін түсіндім!”
Қорытынды:
Репродуктивті денсаулық – бұл тек медицина емес, бұл өзіңе деген қамқорлық. Осындай сынып сағаттары жасөспірімдердің сауатты, сенімді, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді 🌱.
Денсаулығың – өз қолыңда!
Келесі кездесулерге дейін сау болыңдар!
]]>
admin Thu, 15 May 2025 17:09:02 +0600
Мектебімізде “15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ” орай “Менің отбасым” тақырыбында сыныптар арасында челлендж өткізілді. https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1482-mektebmzde-15-mamyr-halyaraly-otbasy-knne-oraj-men-otbasym-tayrybynda-synyptar-arasynda-chellendzh-tkzld.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1482-mektebmzde-15-mamyr-halyaraly-otbasy-knne-oraj-men-otbasym-tayrybynda-synyptar-arasynda-chellendzh-tkzld.html
]]>
15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ! 🫂
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде “15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ” орай “Менің отбасым” тақырыбында сыныптар арасында челлендж өткізілді.
🫂 Отбасы – әр адамның жүрегіндегі ең ыстық ұғым!
Бұл күн – біз үшін ең қымбат адамдарымызға деген махаббатты, құрметті білдіретін ерекше мереке.
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы – мейірімнің, махаббаттың, өзара қолдаудың алтын ұясы.
❤️ Әр үй – бір әлем.
🏡 Бақытты отбасы – бақытты қоғам кепілі.
Осы мерейлі күні әрбір шаңыраққа шаттық, татулық пен амандық тілейміз!
Балалардың күлкісі, ата-ананың махаббаты ешқашан үзілмесін!
Бүгін отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, жылы сөздеріңізді аямаңыз!
]]>
admin Thu, 15 May 2025 17:04:19 +0600
Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында эссе жазу мен сурет салу байқауы өткізілді. https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1483-mektebmzde-ybzushylyty-aldyn-alu-tayrybynda-jesse-zhazu-men-suret-salu-bajauy-tkzld.html https://www.41.shymkent-mektebi.kz/main/1483-mektebmzde-ybzushylyty-aldyn-alu-tayrybynda-jesse-zhazu-men-suret-salu-bajauy-tkzld.html



]]>
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАЙҚАУ
✍️🎨⚖️
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында эссе жазу мен сурет салу байқауы өткізілді.
📚 Бұл байқау – оқушыларды ойлануға, ізденуге, заңға деген құрметпен қарауға шақырған тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.
✍️ Эссе жазу байқауында оқушылар құқық пен міндет, әділет, тәртіп, жауапкершілік туралы өз ойларын әсерлі жеткізді.
🎨 Сурет салу байқауында қатысушылар бейбіт өмір, құқықтық тәртіп, зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу тақырыптарын шығармашылықпен бейнеледі.
🏆 Байқау қорытындысында үздік шыққан жұмыстар марапатталып, 📜 дипломдар мен 🎁 сыйлықтар табысталды.
🖼️ Жеңімпаздардың туындылары мектеп дәлізінде көрмеге қойылды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, заңға бағынудың маңызын терең ұғынуға ықпал етеді.
⚖️ Заңды сыйлаған – елін сүйеді!
]]>
admin Tue, 13 May 2025 17:07:29 +0600