Жетістіктеріміз - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ https://41-shymkent.edu.kz/ ru Жетістіктеріміз - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ DataLife Engine 31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады. https://41-shymkent.edu.kz/main/1492-31-mamyr-kn-shymkent-alasyny-km-abit-bdmzhitly-syzdybekov-blm-men-trbien-damuyna-zor-les-osyp-zhrgen-respublikaly-zhne-halyaraly-degejdeg-ylymi-zhobalar-men-pndk-olimpiadalardy-zhempazdaryn-.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1492-31-mamyr-kn-shymkent-alasyny-km-abit-bdmzhitly-syzdybekov-blm-men-trbien-damuyna-zor-les-osyp-zhrgen-respublikaly-zhne-halyaraly-degejdeg-ylymi-zhobalar-men-pndk-olimpiadalardy-zhempazdaryn-.html




]]>
БІЛІММЕН БИІКТЕ, ЖАС ДАРЫН!
🎉 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады.
📍 Аталған қабылдауға А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің мақтаныштары — білім бәйгесінде оза шауып, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларымыз Есенгельдиева Алина мен Зайцева Ульяна да қатысты.
🏅 Басқосу соңында қала әкімі оқушыларға 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат пен Алғыс хат табыстап, ыстық лебізін білдірді.
📚 Бұл — жас дарындарымыздың тынымсыз еңбегінің, үздік білімге деген құштарлығы мен ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жарқын көрінісі!
✨ Осындай жетістіктер – еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың болашағына деген сенімімізді нығайта түседі. Сонымен қатар, білімге ұмтылған шәкірттерімізге үлкен шабыт пен серпін береді.
🙏 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұжымы және ата-аналар қауымы атынан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлына шынайы алғысымызды білдіреміз! Бұл кездесу – оқушыларымыз үшін үлкен құрмет әрі болашақта жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам болды деп сенеміз.
🎓 Құрметті шәкірттеріміз, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Біліммен биіктеп, армандарыңыз асқақ болсын! 🌟
]]>
admin Sat, 31 May 2025 14:29:01 +0600
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен ҰБТ пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша 11 сынып оқушылары Якубова Ямур мен Сеитбекова Даяна университет ректорының грант иегерлері атанды. https://41-shymkent.edu.kz/main/1490-muezov-atynday-otstk-azastan-universitetn-jymdastyruymen-tken-bt-pnder-olimpiadasyny-ntizhes-bojynsha-11-synyp-oushylary-jakubova-jamur-men-seitbekova-dajana-universitet-rektoryny-grant-iege.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1490-muezov-atynday-otstk-azastan-universitetn-jymdastyruymen-tken-bt-pnder-olimpiadasyny-ntizhes-bojynsha-11-synyp-oushylary-jakubova-jamur-men-seitbekova-dajana-universitet-rektoryny-grant-iege.html


]]>
Салтанатты жиында мектеп директоры Айна Аблаевна Сарымсакова, бітіруші түлектер Якубова Ямур, Сеитбекова Даяна және жетекшілері Екатерина Маликова, Ильгар Бахтибаев Алғыс хат, дипломдармен марапатталды!

Құтты болсын Айна Аблаевна!
Құтты болсын, әріптестер!


]]>
admin Mon, 26 May 2025 17:57:13 +0600
5–6 және 7–8 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектебімізден 7 оқушы қатысып, олардың 5-еуі жүлделі орындарды иеленді! https://41-shymkent.edu.kz/main/1468-56-zhne-78-synyptar-arasynday-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-olimpiadany-alaly-kezene-mektebmzden-7-oushy-atysyp-olardy-5-eu-zhldel-oryndardy-ielend.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1468-56-zhne-78-synyptar-arasynday-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-olimpiadany-alaly-kezene-mektebmzden-7-oushy-atysyp-olardy-5-eu-zhldel-oryndardy-ielend.html



]]>
5–6 және 7–8 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектебімізден 7 оқушы қатысып, олардың 5-еуі жүлделі орындарды иеленді!
Бұл – зор мақтаныш, тамаша нәтиже!
Құрметті әріптестер, құтты болсын!
Еңбектеріңіздің жемісі көрінді!
Оқушыларымызға шабыт, сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!
]]>
admin Tue, 06 May 2025 10:54:18 +0600
Мектебіміздің мақтанышы Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған https://41-shymkent.edu.kz/main/1464-mektebmzd-matanyshy-alina-esengeldieva-sheteldk-20-universitetten-shayrtu-alan.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1464-mektebmzd-matanyshy-alina-esengeldieva-sheteldk-20-universitetten-shayrtu-alan.html
]]>
Шымкент қаласының мақтанышы, Есенгелдиева Алина, шетелдік 20 жоғары оқу орнынан шақырту алып, білімге деген құштарлығымен көпшілікті тәнті етті. Ол жақында «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат беріп, жетістігінің сырымен бөлісті.
Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған шымкенттік оқушы
«Кейбір оқу орындары арнайы сұхбат ұйымдастырды. Бұл — іріктеу кезеңінің бір бөлігі болды», — дейді Алина. Ол әр университеттің талаптарына сай эссе жазып, сұхбаттарға қатысып, өз білімін дәлелдеген. 
Алина шетелдік университеттерге өтініш беру процесінің күрделі екенін мойындайды. Дегенмен, ол өз мақсатына жету үшін тынымсыз еңбек еткен. Оның айтуынша, әрбір шақырту — оның еңбегінің нәтижесі.
Қазіргі таңда Алина қай университетті таңдайтынын ойластыруда. Ол болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын маман болуды армандайды.
Алинаның жетістігі — жастарға үлгі. Ол өз арманына жету үшін табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығын көрсетті.
Оның толық сұхбатын «Оңтүстік» телеарнасының Instagram парақшасынан көруге болады:
]]>
admin Fri, 25 Apr 2025 12:33:04 +0600
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ 10 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ШАҚЫРТУ АЛҒАН https://41-shymkent.edu.kz/main/1444-amerika-rama-shtattaryny-10-zhoary-ou-oryndaryna-shayrtu-alan.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1444-amerika-rama-shtattaryny-10-zhoary-ou-oryndaryna-shayrtu-alan.html
]]>
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ 10 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ШАҚЫРТУ  АЛҒАН

    Мектебіміздің мақтанышы, қалалық ғылыми жоба жеңімпазы, күні кеше өткен халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» ғылыми жоба байқауының жеңімпазы, 11 «Д» сынып оқушысы Есенгельдиева Алина АҚШ-тың 10 жоғарғы оқу орындарынан шақырту алған.1.Iowa University 
2.College of the Atlantic 
3.American University 
4.University of Massachusetts Amherst 
5.Loyola Marymount University 
6.University of the Pacific
7.MichiganTech
8.Clarkson university 
9.Heriot-watt Dubai (Ұлыбритания университеті, но Дубай кампусы)
10.Clemson university

«Менің мамандығым-биоинженер / биомедициналық инженер. Мен медициналық бағытты таңдадым. Өтініш бергеннен кейін кейбір университеттер сұхбат жүргізді (бұл да іріктеудің бір бөлігі). Наурыз айында университеттерден жауаптар келе бастады» - дейді Алина.
Талабыңа нұр жаусын! Болашағың жарқын болсын! Біз сені мақтан тұтамыз!

]]>
admin Wed, 16 Apr 2025 16:05:41 +0600
ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР! https://41-shymkent.edu.kz/main/1436-tolaaj-tabystar.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1436-tolaaj-tabystar.html
]]>
1) Қарағанды қаласында өткен 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 10 "В" сынып оқушысы Зайцева Ульяна орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІ орынға ие болды, жетекшісі Мирзасалиева Людмила Ивановна!

2) Астана қаласында өткен "Ғылым әлемін ашамыз" халықаралық ғылыми жоба байқауында 11"Д' сынып оқушысы Есенгельдиева Алина жүлделі ІІІ орынға ие болды! Жетекшісі Серимбетова Әсел!


Ұстаздарымыз бен оқушыларымызды толағай табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз!



]]>
admin Fri, 11 Apr 2025 20:57:37 +0600
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТҰҢҒЫШ МЕГА ЖОБА! https://41-shymkent.edu.kz/main/1438-respublikaly-tysh-mega-zhoba.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1438-respublikaly-tysh-mega-zhoba.html




]]>
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТҰҢҒЫШ МЕГА ЖОБА! 
   Астана қаласында 3,4 сәуір Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп "Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия" атты тұңғыш  Республикалық байқауы өткізілді. Байқау, семинарға әр облыс,  әр қаладан 100 қазақ тілі мен 100 математика пән мұғалімі  қатысты. 
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы #24 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы байқауға "Шымкент білім" командасының құрамында қатысып, семинардан іс-тəжірибе жинақтап келді. Қатысқан барлық ұстаздарға Вице-министрдің арнайы СЕРТИФИКАТЫ табысталды.
]]>
admin Fri, 04 Apr 2025 21:04:55 +0600
КӨШБАСШЫМЫЗДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!👏👏👏 https://41-shymkent.edu.kz/main/1411-kshbasshymyzdy-memlekettk-marapaty-tty-bolsyn.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1411-kshbasshymyzdy-memlekettk-marapaty-tty-bolsyn.html

]]>
КӨШБАСШЫМЫЗДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!👏👏👏
Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елдің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін  көрнекті әйелдерді марапаттау Жарлығымен Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев  бірқатар әйелдерге жоғары мемлекеттік наградаларды табыс етті.
  Салтанатты рәсімде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің басшысы Сарымсакова Айна Аблаевна  Елбасшысының қолынан «Ерең еңбегі» мәртебелі төсбелгісімен марапатталды.
 Құрметті Айна Аблаевна, марапатыңыз құтты болсын!
Еңбегіңіз жемісті, өміріңіз мәнді болсын! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын!👏👏👏


]]>
admin Fri, 07 Mar 2025 18:58:47 +0600
Сүйінші! Қанжығамыз майланды! Құттықтаймыз! https://41-shymkent.edu.kz/zhetstktermz/oushylar-zhetstg/1399-sjnsh-anzhyamyz-majlandy-ttytajmyz.html https://41-shymkent.edu.kz/zhetstktermz/oushylar-zhetstg/1399-sjnsh-anzhyamyz-majlandy-ttytajmyz.html




]]>
Сүйінші! Қанжығамыз майланды! Құттықтаймыз!
"Talant Fest"
халықаралық мәдениет жене өнер фестиваль-байқауына белсене қатысканы үшін 
А. Макаренко атындағы N41 мектеп-лицейінің би үйірмесі тобы, жетекшісі Кондратова Юлия Сергеевна  I орын дипломымен марапатталып, Түркия елі Стамбул қаласына жолдама алды. Құттықтаймыз! 
“Жаңа  Қазакстанның әлемге танылатын тұлғаларды қалыптастыру жолында, ұлттық
мәдениетті насихаттау, жандыру және талантты жастарды анықтау, оларға
шығармашылық қолдау көрсету, рухани құндылықтарымызды өнер арқылы бойға
сіңіру жолында атқарған еңселі еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Ұлтымыздың рухани байлығын дамытуға үздіксіз қосып келе жатқан енбектеріңізге тек қана өрлеу, шығармашылық табыс, сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандык,
қызметіңізге табыс тілейміз!”
]]>
admin Fri, 21 Feb 2025 15:57:13 +0600
Қалалық "Зерде" жобалар байқауының жүлдегері https://41-shymkent.edu.kz/main/1374-alaly-zerde-zhobalar-bajauyny-zhldeger.html https://41-shymkent.edu.kz/main/1374-alaly-zerde-zhobalar-bajauyny-zhldeger.html



]]>




]]>
admin Mon, 03 Feb 2025 09:55:47 +0600