«Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби байқауы өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби байқауы өтті.
07
маусым
2024

«Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби байқауы өтті.

А.С. Пушкиннің 225 жылдығына орай ағымдағы  жылдың 24-25-26 сәуір  және 15 мамыр аралығында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық «СӨЗ» әдеби-поэтикалық фестивалі аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты әдеби байқауы өтті. 
Байқауға А.Макаренко атындағы мектеп-лицейінің 3г сынып оқушысы Ильясова Лиана қатысып,жетекшісі Зинченко Л.В.,  «Оқудың мәнерлігі үшін» номинациясында үздік болып танылса, 1г сынып оқушысы Романқұл Айзере , жетекшісі Торская В.П., іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, «Гран-при» орнына ие болып, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Өнерлі жастарымызға алдағы уақыттарда үлкен белестерден көрінуге тілектеспіз!
Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасының директоры Наталья Сергеевна Романова мен қазылар алқасының мүшелері мен кітапхана қызметкерлеріне оқырман ұрпағын тәрбиелеу бағытында оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, оқу мәдениетін тәрбиелеуге атсалысқаны үшін алғысымыз шексіз!