1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
01
қыркүйек
2026

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Білім – ұлттың болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Ал білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – әрбір білім беру ұйымының маңызды міндеті.
Осыған орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Биылғы Білім күні Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі маңызын, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы және елдің тұрақты дамуының құқықтық негізін қамтамасыз етудегі рөлін кеңінен насихаттауға арналды.
Іс-шара барысында Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылықтың, әділеттілік пен жауапкершіліктің берік негізі екені атап өтілді. Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, білімге құштарлық, отансүйгіштік, еңбекқорлық және азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңірудің маңыздылығы айтылды.
Салтанатты жиын барысында ұстаздар мен оқушыларға ақжолтай тілектер айтылып, білім әлеміне алғаш қадам басқан 1-сынып оқушыларына ерекше ықылас білдірілді. Мектеп табалдырығын қайта аттаған оқушылар да жаңа оқу жылына деген мақсат-міндеттерімен бөлісіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
\ Жаңа оқу жылы – жаңа белестер мен жарқын жетістіктердің бастауы.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат. Сондықтан сапалы білім мен саналы тәрбие – жарқын болашақтың берік іргетасы.
Барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Жаңа оқу жылы шығармашылық ізденіске, толағай табыстарға, биік жетістіктерге толы болсын!
Әр шаңыраққа амандық, әр жүрекке қуаныш, әр оқушыға сәттілік тілейміз!
 Білімді ұрпақ – ел болашағы!
 Адал азамат – жауапты қоғамның негізі!