23
ақпан
2024
Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу
Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік болса,адам үшін жеке бас бостандығы және ешбір уайым қайғысыз өмір сүру.Тәуелсіздігіміздің төрінен орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық адам бостандығы.Бүгінде А.Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және соған бағытталған түрлі тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.Бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел!Ел болашағы балалар десек,зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулығы және жан-жақты дамуы үшін ауыр машақат болып табылатындықтан зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар мектебімізде одан әрі де жалғасын таба береді!


