«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!» тақырыбындағы мерекелік мейірімділік акциясы өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!» тақырыбындағы мерекелік мейірімділік акциясы өткізілді.
30
сәуір
2022

«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!» тақырыбындағы мерекелік мейірімділік акциясы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «2022 жыл Балалар жылы» деп белгіленді.
Осыған орай, Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен  Шымкент қаласындағы №3, №4  балалар үйінің125 тәрбіеленушілеріне 29.04.2022 күні «БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!» тақырыбындағы мерекелік мейірімділік акциясы өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «2022 жыл Балалар жылы», келешек ұрпақтың Жаңа Қазақстан мемлекетін құрушы патриот, елжанды, адал, білімді талантты, мейірімді, жалпы адами құндылықтарын қалыптастыру.
Аталған іс-шараға қолдау білдірген  «Көркем» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлайым Әскерқызына зор алғысымызды білдіреміз!
Іс-шара барысында демеушілер тарапынан барлық балалар «GRAVITY» батутта ойнап,  кіші топ «Фиркан CITY» мультфильм «Братцы кролики», үлкен топ «Фиркан CITY» кино «Хотя бы в кино» көрді және барлық балаларға түскі ас пен сыйлықтар берілді.
Іс-шара «Қазақстан алтын бесігім» тақырыбындағы республикалық балалар фестивалінен би байқауы бойынша бас жүлде алған Шымкент қаласы білім басқармасының №4 балалар үйі тәрбиеленушілерінің «Балдаурен» би тобын, осы фестивальде бакал  байқауы бойынша 1 орын алған Ли Карины, «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты республикалық байқауда 2 орын алған Юскаев Наилды марапаттаумен аяқталды.