«Шексіз шығармашылық» байқауы » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шексіз шығармашылық» байқауы
07
желтоқсан
2021

«Шексіз шығармашылық» байқауы

Шымкент қаласының Дарын орталығы, Шымкент қаласының білім басқармасының 2021 жылғы 12 қаңтардағы №10-06-03/124/2 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында, ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында Республикалық «Шексіз шығармашылық» тақырыбында қашықтықтан атап өтілген байқауына А.Макаренко атындағы №41мектеп-лицейінің оқушыларын мектеп-дефектологы Акылбекова Бибижан Айбековна және мектеп-логопеді Құлсері Гүлжан Сапарбайқызы жетекшілігімен қатыстырылып, мектеп әкімшілігінен мадақтама және  сыйлық берілді.
Байқаудың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау.
Міндеттері:
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;
2) байқау қызметіне қосу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру;
3) өз бетінше жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылық және дара тәсілді дамыту;
4) көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру;
5) балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу;
6) олардың өзін өзі таныту және өзін өзі іске асыру құралы ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қызметіне деген қоғамның назарын аударту;
7) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қызметін ақпараттық кеңістікте насихаттау;
😎 сәндік-қолданбалы өнері, бейнелеу өнері, көркемдік қолөнер құралдарымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық өзін-өзі танытуына, әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу;
9) балалардың зияткерлік әлеуетін, қиялын және көркемдік шығармашылығын дамыту және ынталандыру.