01
желтоқсан
2021
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне орай мектебіміздегі іс-шаралар
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне орай мектебімізде іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Сол іс-шараның аясында 1-11 сынып жетекшілеріне және мектеп кітапханасына 30 қараша күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыпта біпіңғай ашық тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Жоспарға сәйкес өткізілген ашық тәрбие сағатында көрнекіліктер тақырыпқа сай болды, Елбасының өмірі туралы оқушыларға слайд көрсетілді. Бұл шараға оқушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен келді.





