11
қазан
2021
11 қазан - Халықаралық қыздар күні
11 қазан Халықаралық қыздар күні.
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Халықаралық қыздар күніне арналған жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
8-11 сыныптың қыз балаларына “Кыздар арасында…” тақырыптық кездесу өтті, кездесуге ОДВД маманы дәрігер-гинеколог Н.А. Хасан қатысып қыздарға кеңестер беріп, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ 1-4 сынып қыз балаларына әсемдік пен әдемілікке толы “Кішкентай ханшайым” мульфильмы көрсетілді;
5-7 сынып қыз балалары “Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында Мектепте шаш үлгісі сайысы өткізілді;
Қыз балаларға психологиялық кеңестер берілді.
Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.



