Мектебіміздің мақтанышы Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің мақтанышы Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған
25
сәуір
2025

Мектебіміздің мақтанышы Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған

Шымкент қаласының мақтанышы, Есенгелдиева Алина, шетелдік 20 жоғары оқу орнынан шақырту алып, білімге деген құштарлығымен көпшілікті тәнті етті. Ол жақында «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат беріп, жетістігінің сырымен бөлісті.
Алина Есенгелдиева: Шетелдік 20 университеттен шақырту алған шымкенттік оқушы
«Кейбір оқу орындары арнайы сұхбат ұйымдастырды. Бұл — іріктеу кезеңінің бір бөлігі болды», — дейді Алина. Ол әр университеттің талаптарына сай эссе жазып, сұхбаттарға қатысып, өз білімін дәлелдеген. 
Алина шетелдік университеттерге өтініш беру процесінің күрделі екенін мойындайды. Дегенмен, ол өз мақсатына жету үшін тынымсыз еңбек еткен. Оның айтуынша, әрбір шақырту — оның еңбегінің нәтижесі.
Қазіргі таңда Алина қай университетті таңдайтынын ойластыруда. Ол болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын маман болуды армандайды.
Алинаның жетістігі — жастарға үлгі. Ол өз арманына жету үшін табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығын көрсетті.
Оның толық сұхбатын «Оңтүстік» телеарнасының Instagram парақшасынан көруге болады: