31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады.
31
мамыр
2025

31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады.

БІЛІММЕН БИІКТЕ, ЖАС ДАРЫН!
🎉 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 31 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков білім мен тәрбиенің дамуына зор үлес қосып жүрген, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын арнайы қабылдады.
📍 Аталған қабылдауға А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің мақтаныштары — білім бәйгесінде оза шауып, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларымыз Есенгельдиева Алина мен Зайцева Ульяна да қатысты.
🏅 Басқосу соңында қала әкімі оқушыларға 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат пен Алғыс хат табыстап, ыстық лебізін білдірді.
📚 Бұл — жас дарындарымыздың тынымсыз еңбегінің, үздік білімге деген құштарлығы мен ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жарқын көрінісі!
✨ Осындай жетістіктер – еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың болашағына деген сенімімізді нығайта түседі. Сонымен қатар, білімге ұмтылған шәкірттерімізге үлкен шабыт пен серпін береді.
🙏 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұжымы және ата-аналар қауымы атынан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлына шынайы алғысымызды білдіреміз! Бұл кездесу – оқушыларымыз үшін үлкен құрмет әрі болашақта жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам болды деп сенеміз.
🎓 Құрметті шәкірттеріміз, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Біліммен биіктеп, армандарыңыз асқақ болсын! 🌟