
Абайлаңыз, балалар!

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде


оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.

Полиция қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау


, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту

, жолдағы қауіпсіздікті қатаң қадағалау туралы кеңінен түсіндірді. Балаларға жол белгілерінің

маңызы түсіндіріліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өзара жауапкершілігі атап өтілді.

Мектеп аумағында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылып, оқушылар тәртіп сақшыларымен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өту ережесін практика жүзінде пысықтады. Бұл шара балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырып, абай болуға тәрбиелеуге бағытталған.

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұжымы барлық ата-аналарды

, жүргізушілерді

және қала тұрғындарын

балалардың амандығы үшін жолда мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігі!