30
наурыз
2022
9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңі
2022 жылғы 24-29 наурыз күндері Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гиназиясы базасында 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңі өткізілді. Аталмыш іс-шара әділ, нақты, ашық түрде жүргізіліп жатқанының куәсіміз. Нәтижесінде ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың пән олимпиадасына деген қызығушылығы мен сенімі артта түскеніне куәміз.
Олимпиаданы ұйымдастыру, оны өткізу оңай шаруа емес. Бұл ретте ашықтық пен әділдікті ту еткен Раушан Джеренова ханым басқаратын Шымкент «Дарын» орталығы ұжымының еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.
@Дарын Республикалық-ғылыми практикалық орталық
#Шымкент дарыны